Көкшетауда жаяу жүргінші өзін қағып кеткен жүргізушіні кешірді
Көлік астында қалған жаяу жүргінші жүргізушіге кешірім жасады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетауда Гагарин көшесінде Lada көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апатына қатысты жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
6 қыркүйекте Көкшетау қаласындағы Гагарин көшесінде Lada автокөлігі мен жаяу жүргіншінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Полиция мәліметінше, көлік жүргізушісі №11А үйдің тұсымен келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Оқиға бойынша жүргізушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 600-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Алайда жол апатынан зардап шеккен жаяу жүргінші жүргізушіге қатысты ешқандай талап қоймаған.
Материал авторы