336

«Бұтаның арасына тығылып, өзіне шақырады»: Астаналық әйел ер адамның әдепсіз әрекетіне шағымданды

Әйелдің айтуынша, ер адам Қорғалжын тасжолы мен Тұран даңғылы маңында бұтаға жасырынып, өтіп бара жатқандардың көзінше әдепсіз әрекет жасаған.

«Бұтаның арасына тығылып, өзіне шақырады»: Астаналық әйел ер адамның әдепсіз әрекетіне шағымданды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада тұрғын көшеде ер адамның әдепсіз әрекет жасағанына шағымданды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, күдікке ілінген азаматтың жеке басын анықтауға кірісті.

Әлеуметтік желіде елорда тұрғынының шағымы жарияланды. Әйелдің айтуынша, Қорғалжын тасжолы мен Тұран даңғылының қиылысында ер адам бұтаның арасына жасырынып, өтіп бара жатқан адамдардың көзінше жыныстық сипаттағы әдепсіз әрекет жасаған.

Тұрғынның сөзінше, ер адам мұнымен шектелмей, айналадағы адамдарды өзіне шақыруға тырысқан.

«Тұрғындарға, әсіресе ата-аналарға ескерту жасағым келеді. Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі үшін бұл жағдайға назар аударуды сұраймын», – делінген шағымда.

Астананың Нұра аудандық полиция басқармасы тұрғынның өтінішіне жауап берді.

Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Мамандар болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап, шағымда көрсетілген ер адамның жеке басын анықтауға әрекет етуде.

«Тексеру нәтижесі бойынша азаматтың әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады полиция. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор