Президент С5+Сhina бірыңғай электронды сауда платформасын құруды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия-Қытай» саммитінде Орталық Азия елдері мен Қытай арасында тасымалданатын тауарды қазақстандық қоймаларда сақтауды ұсынды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Президент С5+Сhina бірыңғай электронды сауда платформасын құруды ұсынды
smartnews.kz

«Жалпы өзара сауда-саттықты арттыру әлеуетін ескерсек, Қазақстан жаңа кеден қоймаларын құру бағытында белсенді жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты логистикадағы қолайлылық үшін бүкіл әріптестерімізге өз тауарларын біздің қоймаларға орналастыруды ұсынамыз. Бұл Орталық Азия мен Қытай арасында тасымалданатын тауарлардың жеткізу мерзімін еселеп қысқартады», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі арнай ыплатформа арқылы жолға қоюға болатынын атап өтті.

«Бұл жұмысты «С5+Сhina» бірыңғай электронды сауда платформасын құру арқылы үйлестіруге болады», - деді Мемлекет басшысы.