«Жыл басынан Астана қаласының аумағында 106 велосипед ұрланды. Оның ішінде Алматы ауданы бойынша – 36, Есіл ауданы бойынша – 34, Сарыарқа ауданы бойынша – 27, Байқоңыр ауданы бойынша 9 ұрылық тіркелді. Олардың көбі, яғни 47%-ы тұрғын үйлердің подъездерінен, қалғаны үйлердің аулаларынан ұрланған. Оның салдарынан тұрғындарға шамамен 3 млн теңге шығын келтірілді. Ұрланған велосипедтердің орташа құны – 70 мың теңге», - деп мәлім етті Арман Айтмағамбетов БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз маслихатында.
Оның айтуынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда велосипед ұрлығы 2 есе өсті. Былтыр осы аралықта мұндай 48 факті тіркелген болатын.