Дастан Сәтпаев «Челсиге» күтпеген жерден қайта оралады
Дастан Сәтпаев жарақатынан айыққанша «Челси» сапында болады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты «Бернлиден» уақытша кетіп, Лондонның «Челси» клубына оралады. 18 жастағы футболшы емделу кезеңін «Челси» клубында өткізеді.
Сәтпаев ағылшын Чемпионшипінің төртінші турында «Мидлсброға» қарсы өткен кездесуде жарақат алған. Матч 2 қыркүйекте өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Қазақстандық футболшы «Бернлидің» негізгі құрамында алаңға шығып, кездесудің үздік ойыншысы атанған. Алайда ойынның 81-минутында аяғы ауырғанын айтып, алаңнан кетуге мәжбүр болды.
«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Дастан Сәтпаев «Мидлсброға» қарсы өз алаңындағы ойында алған жарақатына байланысты бірнеше апта ойынға қатыса алмауы мүмкін. Футболшы аяғын ұстап, алаңнан ауыстырылды. Ол қалпына келу кезеңінде «Челсиге» оралады, ал жарақатынан айыққан соң солтүстікке қайта аттанады», – деп жазды портал.
Кейін «Бернли» клубы да қазақстандық шабуылшының бірнеше аптаға саптан шығатынын хабарлаған. Сәтпаев оңалғаннан кейін команданың орналасуына қайта қосылады деп күтілуде.
Айта кетейік, Сәтпаевтың «Бернлидегі» ойыны жанкүйерлердің жоғары бағасына ие болған. Бұған дейін команда жанкүйерлері қазақстандық футболшының өнеріне ерекше ықылас танытып, оның клубқа айтарлықтай үлес қосып жүргенін атап өткен.
Материал авторы