391

Қазақстанның бір бөлігінде аптап, батысында жаңбыр мен бұршақ күтіледі

Синоптиктер 9 қыркүйекте Қазақстанның әр өңірінде ауа райы бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетінін болжады.

Қазақстанның бір бөлігінде аптап, батысында жаңбыр мен бұршақ күтіледі
Gleive Marcio Rodrigues de Souza / Pexels

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 9 қыркүйекте ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде күн жылы әрі құрғақ сақталғанымен, оңтүстікте ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріледі. Ал батыс өңірлерде күн күрт салқындап, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +15...+17, күндіз +31...+33 градус болады. Алматыда түнде +15...+17, күндіз +29...+31 градусқа дейін жылынып, жауын-шашын болмайды.

Шымкентте ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градусқа дейін көтеріледі. Таразда күндіз +34...+36, Түркістанда +34...+36 градус ыстық болады.

Батыс өңірлерде жағдай өзгеше. Ақтөбеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіндейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Мұнда түнде +7...+9, күндіз небәрі +19...+21 градус күтіледі. Ақтауда жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін, ауа +24...+26 градусқа дейін жылынады. Атырауда күндіз +20...+22 градус болады.

Оралда бұлтты ауа райы орнап, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жауып, жел күшеюі ықтимал. Ауа температурасы түнде +8...+10, күндіз +15...+17 градус шамасында болады.

Жезқазғанда күндіз +29...+31, Қарағандыда +29...+31, Көкшетауда +29...+31, Қонаевта +31...+33 градус болады. Қостанайда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, ауа температурасы +20...+22 градусқа дейін төмендейді.

Қызылордада күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі, ауа +26...+28 градус болады. Павлодарда +29...+31, Петропавлда +28...+30, Семейде +29...+31 градусқа дейін жылы болады.

Талдықорғанда түнде ауа температурасы +5...+7 градусқа дейін төмендегенімен, күндіз +30...+32 градусқа жетеді. Өскеменде жауын-шашынсыз күн райы сақталып, күндіз +29...+31 градус болады.

Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінің бір бөлігінде күндіз жел күшеюі мүмкін. Жалпы, 9 қыркүйекте ел аумағында жазғы ыстық пен күзгі салқын ауа райы қатар байқалады. 

Материал авторы