222

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін

Қазақстандық теннисші ширек финалда жеңіске жетсе, US Open нәтижесіне қарамастан әлемдік рейтингте бірінші орынға көтеріледі.

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін
REUTERS/Eduardo Munoz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 9 қыркүйекте АҚШ ашық чемпионатының ширек финалында қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездеседі. Бұл матч қазақстандық теннисші үшін әлемдік рейтингтің көшін бастау мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Қазір Рыбакина әлемдік рейтингте екінші орында тұр. Ал оның қарсыласы Чжэн Циньвэнь 121-сатыда орналасқан.

Қазақстандық теннисші ширек финалда жеңіске жетсе, турнирдегі әрі қарайғы нәтижесіне қарамастан әлемнің бірінші ракеткасы атанады. Бұл жағдайда қазіргі көшбасшы, Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші орынға түседі.

Рыбакинаның Чжэн Циньвэньмен кездесуі Қазақстан уақытымен сағат 20:30-да басталады. Матчтың тікелей трансляциясы онлайн көрсетіледі.

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирін сенімді бастап, осыған дейін Тея Фродинді, Джессика Бусас Манейроны, Юлия Стародубцеваны және әлемнің 13-ракеткасы Наоми Осаканы жеңді.

Ал Чжэн Циньвэнь турнирді іріктеу кезеңінен бастады. Қытайлық теннисші жол бойында Ю Сяоди, Клара Бюрель, Елена Приданкина, Кристина Лютова, Юлия Путинцева және Мэдисон Кизді жеңген. Соңғы кездесуінде ол әлемнің сегізінші ракеткасы Ига Швентекті ұтып, ширек финалға сенсациялық түрде өтті.

Осылайша, Рыбакина мен Чжэн Циньвэнь арасындағы кездесу тек US Open жартылай финалына берілетін жолдаманы ғана емес, әлемдік рейтингтегі бірінші орын тағдырын да шешуі мүмкін.

Материал авторы