Доллар 459 теңгеге дейін: 9 қыркүйектегі айырбастау орындарындағы валюта бағамы
Айырбастау орындарындағы жаңа бағам белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа бағамы жарияланды. Валюталардың сатып алу және сату құны қалаға қарай аздап ерекшеленеді.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанада айырбастау орындары долларды 459,54 теңгеден сатып алып, 452,82 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы – 533,68 теңге, сату бағасы – 523,68 теңге. Рубль 5,28 теңгеден сатып алынып, 5 теңгеден сатылып жатыр.
Алматыда доллардың сатып алу бағасы 454,36 теңге, сату бағасы 456,50 теңге болды. Еуро 531,83 теңгеден сатып алынып, 527,71 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағасы 5,10-5,22 теңге аралығында қалыптасты.
Шымкентте долларды 456,60 теңгеден сатып алып, 454,50 теңгеден сатуға болады. Еуроның сатып алу бағасы 532,08 теңге, сату бағасы 527,50 теңге болды. Рубль 5,20 теңгеден сатып алынып, 5,13 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми бағам бойынша 1 доллар – 454,46 теңге, 1 еуро – 527,72 теңге, 1 рубль 5,25 теңге болып белгіленді.
Материал авторы