Павлодардағы дөңгелек жөндеу орнында ер адам қаза тапты
Павлодардағы шиномонтажда болған оқиға бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісімен қылмыстық іс қозғалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодардағы шиномонтаж орындарының бірінде жұмысшы қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігіне дөңгелек орнату кезінде дөңгелек жарылып, ер адам ауыр жарақат алған.
Оқиға 7 қыркүйек күні сағат 10:30 шамасында болған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі барғанымен, медицина мамандары ер адамның қайтыс болғанын анықтаған. Оның алған жарақаты ауыр болған.
Полиция бұл факті бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғаған.
Полицияның алдын ала мәліметінше, жүк көлігіне дөңгелек орнату жұмыстары кезінде оның жарылуы болған. Соның салдарынан жұмысшы ауыр дене жарақатын алып, көз жұмған.
Қазір оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтауда.
Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттың жарияланбайтынын хабарлады. Сонымен қатар жергілікті пабликтер таратқан ер адамның алған жарақатының сипатына қатысты мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Материал авторы