Қытайдың Сиань шаһары мен Қазақстанның Шымкенті бауырлас қала атанды

19.05.2023, 14:58
802
Қытайдың Сиань шаһары мен Қазақстанның Шымкенті бауырлас қала атанды smartnews.kz

Қытайдың солтүстік-батысындағы Сиань қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия-Қытай» саммитінде мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Ел мен елді жақындастыратын мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға өңірлер арасындағы әріптестік, нақты айтсақ, бауырлас қалалар өз үлесін қосады. Кеше біз Шымкент және Сиань қалаларының арасындағы, сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы мен Шэньси провинциясының арасында бауырластық байланысты ресми орнаттық», - деді Президент.

Мемлекет басшысы ғылыми бағыттағы байланыстарға да тоқталды.

«Сиань қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылады. Сонымен қатар, ғылым мен білім саласын дамыту, жастарымыздың арасныдағы байланысты дамыту маңызды. Сондықтан біз білікті мамандарды жүйелі түрде әзірлеуге, адам капиталын дамытуға ерекше мән береміз. Қазіргі кезеңде Қазақстан өз аумағында әлемдегі жетекші техникалық университеттердің филиалдарын ашу жолында белсенді жұмыс істеп жатыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады