111

Ақтөбелік әйел TikTok-тағы видеосы үшін айыппұл арқалады

Полиция TikTok-та жарияланған видеоны түсірген 32 жастағы Ақтөбе тұрғынын анықтап, іс сотқа жетті.

Ақтөбелік әйел TikTok-тағы видеосы үшін айыппұл арқалады
Ақтөбе ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде TikTok әлеуметтік желісіне жарияланған видеода балағат сөз қолданған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 86 500 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаменті жазды.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде тараған видеоны жариялаған адамның кім екенін анықтаған. Ол 32 жастағы Ақтөбе тұрғыны болып шықты.

Тексеру нәтижесінде әйел ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған. Полиция мәліметінше, құқық бұзушылық жарияланған бейнематериалда былапыт сөздер қолданылуымен байланысты болған. Сонымен қатар оған кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны бойынша да әкімшілік шара қолданылған.

Сот шешімімен Ақтөбе тұрғынына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 86 500 теңге айыппұл тағайындалды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор