96

Юрий Дудь Қазақстандағы сапарын еске алып, шұбат ішкен сәтін көрсетті

Юрий Дудь бес жыл бұрынғы Қазақстан сапарынан архивтік кадрларды арнасында қайта жариялады.

Юрий Дудь Қазақстандағы сапарын еске алып, шұбат ішкен сәтін көрсетті
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ресейлік журналист әрі блогер Юрий Дудь Қазақстанға 2021 жылы жасаған сапарын бес жылдан кейін қайта еске алды. Ол авторлық «вДудь» YouTube арнасында сол сапардан сақталған архивтік видеоны жариялады.

2021 жылдың қыркүйегінде Юрий Дудь пен видеоблогер Руслан Усачев Маңғыстау облысына барып, өңірдегі танымал табиғи нысандардың бірі – Бозжыраға саяхаттаған.

Сапар барысында блогерлер қазақтың дәстүрлі сусындарының бірі шұбаттан алғаш рет дәм татқан. Видеода олар сусынды шарап бокалдарына құйып ішкен.

Шұбаттың дәмін бағалаған Руслан Усачев оны әзілмен «максималды айран» деп сипаттаған.

Араға бес жыл салып, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Юрий Дудь сол сапардан үзіндіні қайта жариялап, Қазақстандағы естелігін оқырмандарына ұсынды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор