Көкшетауда құрылыс алаңында 19 жастағы жігіт қаза тапты
Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысанда 2007 жылы жас жігіт тоғызыншы қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетауда құрылыс жұмыстары кезінде 19 жастағы жігіт қаза тапты. Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға 8 қыркүйекте Көкшетау қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде болған. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде 2007 жылы туған азамат тоғызыншы қабаттан құлап кеткен.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс тіркеді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментіне әзірге бұл оқиға туралы ресми хабарлама түспеген.
Еңбек инспекторларының мәліметінше, оқиға бойынша тексеру тиісті хабарлама келіп, арнайы бұйрық шығарылғаннан кейін басталады.
Материал авторы