707

«Нағыз ерке қыз»: Мақпал Жүнісова ауыл сахнасында көрерменді тәнті етті

Мақпал Жүнісова ауыл сахнасында ән айтып, би билеп елді дүрліктірді.

«Нағыз ерке қыз»: Мақпал Жүнісова ауыл сахнасында көрерменді тәнті етті
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, халық әртісі Мақпал Жүнісованың Қараөзен ауылындағы өнер көрсетуі әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударды. Әнші сахнада ән айтып, билеп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода Мақпал Жүнісова өзінің әндерінің бірін орындап, әуен ырғағымен еркін қимылдағанын көруге болады. Өнерпазды тыңдау үшін ауыл сахнасына көпшілік жиналған.

Әншінің сахнадағы белсенділігі мен артистік шеберлігі көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Видео әлеуметтік желі қолданушылары арасында да қызу талқыланып, көпшілік өнер иесіне жылы пікір білдірген.

«Мақпал апай кез келген жерде сахнаны қыздыра алады», «Нағыз қазақтың ерке қызы», «Жылдар өтсе де энергиясы сарқылмайды» деген пікірлер жазылған.

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісованың Ақтаудағы концертінде көрермендердің бірі сахнадан әншіге сезімін білдірген болатын. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор