БҚО-да мас жүргізуші екі әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
Жол апатынан әйел қаза тауып, жүргізуші қамауға алынды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында мас жүргізуші екі әйелді көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол апатынан бір әйел қаза болып, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы «Мой город» басылымы жазды.
Оқиға 8 қыркүйекте сағат 23:00 шамасында Круглоозерное ауылында болған. Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі жол жиегімен келе жатқан екі әйелді қағып кеткен. Ол көлігін тоқтатпастан, жылдамдығын бәсеңдетпей оқиға орнынан кетіп қалған.
Жол апатынан әйелдердің бірі көз жұмды. Екінші жәбірленуші түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды.
Полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Медициналық куәландыру оның жол апаты кезінде алкогольдік ішімдік ішкен күйде болғанын көрсетті. Күдікті қамауға алынды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан зардап шеккен әйелдер анасы мен қызы болған. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, қаза тапқан әйел 31 жаста, ал оның анасы қазір ауруханада жатыр.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Материал авторы