Биылдан бастап қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады

19.05.2023, 16:10
736
Биылдан бастап қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады smartnews.kz

ҚР Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық, жалпыазаматтық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы» Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«ҚР Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық, жалпыазаматтық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуге осы келісімге ҚР Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.

Қаулы жобасында көрсетілгендей, енді қазақстандықтар Вьетнамға, тиісінше ол ел азаматтары Қазақстанға 30 күнге визасыз келе алады.

«Егер адамдар екінші мемлекет аумағында 30 күннен артық қалуға ниет білдірсе, осы мемлекеттің заңнамасы мен нормативтік актілеріне сәйкес талап етілетін тиісті виза алуға міндеттеледі», - деп жазылған келісімде.

Құжат 2 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Қоса кетсек, 17 мамырда Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим туралы келісімге қол қойды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды