Қазақстанда аптап ыстық пен нөсер жаңбыр қатар күтіледі
11 қыркүйекте Қазақстанның бір бөлігінде ауа райы +36 градусқа дейін ысиды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 11 қыркүйекте Қазақстанның бір бөлігінде күн ыстық әрі құрғақ болса, басқа өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» жазды.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріледі. Талдыкорғанда күндіз +34...+36, Таразда +34...+36, Қонаевта +33...+35, Түркістанда +33...+35 градус болады. Алматыда ауа +32...+34 градусқа дейін жылынады.
Астанада жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +16...+18, күндіз +30...+32 градус шамасында сақталады. Күндіз желдің екпіні күшейеді.
Шымкентте күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус болады.
Ақтөбеде жаңбыр жауып, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Температура +8...+10-нан +20...+22 градусқа дейін өзгереді. Қостанайда таңертең және күндіз жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Күндіз +17...+19 градус болады.
Қызылордада бұлтты ауа райы орнап, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз +25...+27 градусқа дейін жылынады. Жезқазғанда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал.
Қарағандыда жауын-шашын болмайды, күндіз +30...+32 градусқа дейін жылынады. Көкшетауда да жаңбыр жаумайды, алайда күндіз жел күшейеді. Температура +30...+32 градус болады. Павлодарда күн ашық болып, ауа +32...+34 градусқа дейін көтеріледі. Петропавлда жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз жел күшейеді.
Семейде күндіз +32...+34 градусқа дейін ыстық болады. Өскеменде жауын-шашынсыз күн күтіліп, ауа +31...+33 градусқа дейін жылынады.
Ақтауда жауын-шашын болмайды, температура +23...+25 градус шамасында болады. Атырауда күндіз +21...+23 градусқа дейін жылынады. Оралда түнде жаңбыр жауып, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз +18...+20 градус болады.
Түркістанда түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз жел күшейіп, ауа +33...+35 градусқа дейін көтеріледі.
Жалпы, 10 қыркүйекте Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады: бір өңірлерде аптап ыстық сақталса, енді бірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман және қатты жел күтіледі.
Материал авторы