1467

Доллар, еуро, рубль: 11 қыркүйектегі айырбас бағамы

11 қыркүйектегі айырбас орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бағасы әртүрлі қалыптасты.

Доллар, еуро, рубль: 11 қыркүйектегі айырбас бағамы
Vera Livchak / Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 11 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбас орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бағасы белгілі болды.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астана айырбас орындарында доллардың орташа сату бағасы 446,91 теңге, сатып алу бағасы 453,94 теңге болды. Еуро 518,92 теңгеден сатылып, 528,91 теңгеден сатып алынуда. Ал рубльдің сату бағасы 5,21 теңге, сатып алу бағасы 5,42 теңге деңгейінде.

Алматыда доллар 448,95 теңгеден сатылып, 451,65 теңгеден сатып алынады. Еуроның сату бағасы 521,84 теңге, сатып алу бағасы 527,37 теңге болды. Рубль 5,15-5,27 теңге аралығында саудалануда.

Шымкенттегі айырбас орындарында доллардың сату бағасы 449,80 теңге, сатып алу бағасы 451,96 теңге. Еуро 522,81 теңгеден сатылып, 529,07 теңгеден сатып алынуда. Рубльдің сату бағасы 5,16 теңге, сатып алу бағасы 5,24 теңге болып тұр.

Ал бүгінгі ресми бағам бойынша 1 доллар – 450,79 теңге, 1 еуро – 524,13 теңге, 1 рубль 5,31 теңге болып белгіленді.

Материал авторы