1734

Қызылорда облысында 6 жастағы бала түнде Land Cruiser көлігін жүргізген

Арал ауданында түнгі патруль кезінде полиция Land Cruiser көлігін тоқтатып, оның тізгінінде алты жастағы баланың отырғанын анықтады.

Қызылорда облысында 6 жастағы бала түнде Land Cruiser көлігін жүргізген
Polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысының Арал ауданында түнгі патруль кезінде полицейлер Toyota Land Cruiser көлігін тоқтатып, оның рөлінде алты жастағы баланың отырғанын анықтады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Полиция қызметкерлері көлікті дер кезінде тоқтатып, жолдағы ықтимал қауіптің алдын алған. Тексеру барысында жол талғамайтын көліктің баланың әкесіне тиесілі екені анықталды.

Оқиғаға байланысты баланың заңды өкіліне қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды. Оның бірі баланы тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамауға қатысты болса, екіншісі кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз тұрғын үйден тыс жерде болуына байланысты рәсімделген.

Жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен баланың әкесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері отбасымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор