Көшедегі араздық: Өскеменде жасөспірімдер ер адамның бетіне бұрыш газ шашып жіберді
Көшедегі кішігірім келіспеушілік екі тараптың да заң алдында жауап беруіне себеп болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскеменде көшедегі кішігірім келіспеушіліктің арты ересек велосипедші мен жасөспірімдер тобы арасындағы үлкен жанжалға ұласты.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам велосипедімен байқаусызда жасөспірімдердің бірінің көлігіне тиіп кеткен. Осыдан кейін екі тарап арасында ауызша сөзге келіспеушілік туындады. Жанжал кезінде велосипедші балағат сөздер айтып, жасөспірімнің велосипедін тепкен. Бұған жауап ретінде мектеп оқушылары ер адамның тура бетіне бұрыш баллоншасын шашып жиберді.
Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқандардың барлығын жедел түрде анықтады. Іс құқық қорғау және сот органдарына жолданды:
Сот бұрыс мінез-құлық көрсетіп, балағат сөздер айтқаны үшін велосипедшіге 20 сағаттық қоғамдық жұмыс жүктеді.
Баллоншаны қолданған 14 жасар оқушының анасына бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынбақ.
Жанжалға қатысқан өзге екі жасөспірімнің жасы 13-те болғандықтан, заң бойынша оларды жауапкершілікке тарту мүмкін болмады.
Материал авторы