556

Астанада жыл басынан 6 бала терезеден құлап кеткен

Елордада жыл басынан 6 бала терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада жыл басынан 6 бала терезеден құлап кеткен
smartnews.kz

Биылғы жыл басталғалы Астанада балалардың терезеден құлауының 6 дерегі тіркелді.

«Қуанышқа орай, барлық бала аман, алайда жарақат алған», - дейді полициядан.

Оқиғалардың бірінде 2 жасар сәби үйде үлкен балалармен қалған. Ол терезеге көтеріліп, масаға қарсы торға сүйенбек болып үшінші қабат терезесінен құлап кеткен. Бүлдіршін ауруханаға жатқызылды.

Құлау жағдайларының дені ересектердің балалардың жүріс-тұрысын бақыламауынан, терезені жабуды ұмытып кетуден, терезелерде блок-құлыптардың болмауынан, балаларға терезеге өздігінен көтерілуге мүмкіндік беретін жиһаздың дұрыс орналаспауынан және терезе жабық тұрғандай иллюзия тудыратын масаға қарсы торлардан болады.