Астанада қайғылы жағдай: 15-қабаттан құлаған әйел мен екі жасар бала көз жұмды
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған оқиғадан кейін полиция тексеру жұмыстарын бастап, барлық мән-жайды анықтап жатыр.
Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы жағдай болды. 27 жастағы әйел 15-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, төменде тұрған бала арбасына түскен. Салдарынан әйел мен екі жасар бала көз жұмды.
Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел тұрғын үйдің 15-қабатынан секіріп кеткен. Құлау салдарынан ол оқиға орнында қаза болған.
Қайғылы жағдай кезінде әйел төменде тұрған балалар арбасына түскен. Арбада болған екі жасар бала алған ауыр жарақаттарының салдарынан көз жұмды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Құқық қорғау органдары бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеу барысында қайғылы жағдайдың нақты себептері мен оған әсер еткен факторлар анықталмақ.
Материал авторы