Ұялы байланыс операторлары тарифтің өсетінін клиентке 1 ай бұрын ескертуі тиіс - Тұрысов

19.05.2023, 18:18
631
Ұялы байланыс операторлары тарифтің өсетінін клиентке 1 ай бұрын ескертуі тиіс - Тұрысов smartnews.kz

Ұялы байланыс операторлары тарифтің өзгеретінін клиентке 1 ай бұрын ескертуі тиіс. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері вице-министрден: «Қазақстандықтар тариф құнының өскеніне шағымданып жатыр. Қазнетте ұялы байланыс пен интернет құны 23-30 пайызға қымбаттайтыны жайлы ақпарат жүр. Қаншалықты рас?» деп сұрады.

«Заңға және Кәсіпкерлік туралы кодекске сәйкес, бұл – нарықтық орта. Бізде тарифтің көтерілгені жайлы ақпарат жоқ. Бірақ, заңға сәйкес, егер оператор тарифті өзгертетін болса, онда олар 1 ай бұрын клиенттерге ескертуі тиіс», - деді вице-министр.

Осы орайда БАҚ өкілдері байланыс операторларының біржақты тәртіппен тарифті өзгертуіне тыйым салу мәселесі көтерілгенін еске салып өтті.

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сіздерге хат жолдады. Қандай да бір шара қабылдана ма?» деп сұрады БАҚ өкілі.

«Бұған дейін де айтқанымдай, барлығы Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі. Екіншіден, оператор клиентті ескертуге міндетті. Егер мұндай жайт болса әрі нақтыланса, онда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне, Телекоммуникация комитетіне жүгіну қажет», - деді Әсет Тұрысов.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді