1832

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Мемлекет басшысы Сеулде Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды.

Мемлекет басшысы Сеулге Корея Президенті Ли Чжэ Мённың шақыруымен келді. Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаевты Корея Премьер-министрінің орынбасары әрі ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун қарсы алды.

Мемлекеттік сапар аясында Қазақстан мен Корея басшыларының жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізуі жоспарланған. Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланады.

Бұған дейін, 12 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысу үшін Үндістанға барған. Нью-Делиде өткен «БРИКС плюс» пленарлық отырысында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, ядролық державаларды жоғары деңгейдегі диалогқа шақырды. Сондай-ақ Қазақстан Президенті жасанды интеллект саласында «БРИКС плюс» әріптестігін құруды ұсынды.

Қыркүйек айында Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы – Орталық Азия форматындағы алғашқы саммитке де қатысады деп жоспарланған.

Материал авторы