Илон Маск 12 жыл бұрынғы болжамын еске салып, жасанды интеллект қаупіне назар аударды
Кәсіпкер қуатты жасанды интеллект модельдерін әзірлеуді баяулату туралы ұсынысты қолдады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, атақты кәсіпкер Илон Маск қуатты жасанды интеллект модельдерін әзірлеуді уақытша баяулату туралы ұсынысты қолдап, осыдан 12 жыл бұрын айтқан ескертуін еске салды.
Бұған дейін Anthropic компаниясының басшысы Дарио Амодей жасанды интеллект технологияларын дамыту қарқынын бәсеңдетуге шақырған еді. Оның пікірінше, қуатты жүйелердің қауіпсіздігіне қатысты ықтимал тәуекелдер мұндай шешімдерді қайта қарауды талап етеді. Илон Маск бұл ұсынысты қолдады.
Кәсіпкер өзінің 2014 жылғы жарияланымына сілтеме жасап, «Он екі жыл бұрын» деп жазды. Ол кезде Маск жасанды интеллекттің болашақта ядролық қарудан да қауіпті болуы ықтимал екенін ескерткен.
Жасанды интеллектінің тым жылдам дамуына алаңдаушылық білдіріп отырған мамандардың қатары соңғы уақытта көбейді. Anthropic зерттеушісі Джейкоб Коксон да саладан кететінін жариялап, технологиялық бәсеке әлемді «қайтарымсыз нүктеге» жақындатуы мүмкін екенін айтқан.
Коксонның болжамынша, жасанды интеллект саласындағы қазіргі жарыс аса қауіпті салдарға әкелуі ықтимал және мұндай қауіп 2027 жылдың соңына қарай айқын сезілуі мүмкін.
Материал авторы