Қызылорда облысында полицейдің өліміне күдікті ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Демалыста жүрген учаскелік инспекторды өлтірді деген күдікпен 39 жастағы тұрғын ұсталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысының Арал ауданында учаскелік полиция инспекторының өліміне қатысты күдікті ұсталды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті – Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны. Сот санкциясымен ол қамауға алынған.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға тұрмыстық жанжал кезінде болған. Сол уақытта учаскелік инспекторға дене жарақаты келтіріліп, салдарынан ол көз жұмған. Оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демалысында болған.
«Бұған дейін хабарланғандай, Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаты келтіріліп, ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Оқиға кезінде қызметкер еңбек демалысында болған. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында», – деп хабарлады Қызылорда облысының полиция департаменті.
Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге де мән-жайлары жарияланбайды.
Материал авторы