1730

Зеленский Украинаның бас прокурорын шетелде жүргенде қызметінен босатпақ

Бас прокурор шетелдік іссапарда жүргенін растады, ал оның қызметтен кету мәселесі жақын күндері қаралмақ.

Зеленский Украинаның бас прокурорын шетелде жүргенде қызметінен босатпақ
Украина Президенті әкімшілігі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский Руслан Кравченконы елдің бас прокуроры қызметінен босатуға келісім беру туралы ұсынысты Жоғарғы Радаға жолдады.

Құжат 14 қыркүйекте Украина парламентіне түскен. Онда президент Конституцияның тиісті баптарына сүйене отырып, Кравченконы бас прокурор лауазымынан босатуға парламенттің келісімін беру туралы ұсыныс енгізген.

«Слуга народа» фракциясының жетекшісі Давид Арахамия да Зеленскийдің Кравченконы қызметтен босату туралы ұсынысы парламентке келгенін растады. Оның айтуынша, құжат алдағы бірнеше сағатта бейінді комитет отырысында қаралып, ертең парламенттің жалпы отырысына шығарылмақ.

Бұған дейін Кравченконың Украинадан кеткені туралы ақпарат тараған. DW мәліметінше, ол қазір шетелде жүр. Кравченконың өзі де шетелдік іссапарда екенін растады.

Оның айтуынша, сапар аясында бірқатар кездесу жоспарланған. Кравченко халықаралық серіктестерге Украинадағы жемқорлыққа қарсы органдар жүйесіндегі ахуал, олардың бақылаусыз ықпалын күшейту белгілері және мұның мемлекеттік егемендікке, заң үстемдігіне әрі демократиялық институттарға төндіретін тәуекелдері туралы ақпарат бермек.

Кравченконың бұл мәлімдемесі Украинаның Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы директоры Семен Кривоносқа күдік келтірілгенін жариялаған сөзінен шамамен бір жарым сағаттан кейін жасалды. Бұған дейін Украина бас прокуроры Руслан Кравченко отставкаға кету туралы өтініш бергенін мәлімдеп, бұл шешіміне қатысты түсініктеме берген еді.

Материал авторы