1278

«Баламнан да, әкемнен де айырылдым»: Ердос Қанаев сырт келбетін сөз еткендерге жауап берді

Өнер иесі өзгеруіне бастан өткерген қайғылы оқиғалар да әсер еткенін айтты.

«Баламнан да, әкемнен де айырылдым»: Ердос Қанаев сырт келбетін сөз еткендерге жауап берді
instagram.com/erdoskanaev

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев сырт келбетіне қатысты пікір білдірген желі қолданушыларына жауап берді. Өнер иесі адамның түр-тұлғасындағы өзгеріс тек жас ұлғаюымен байланысты емес екенін айтып, өміріндегі ауыр кезеңдерді еске алды.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында кейінгі видеоларының біріне «қартайып кетіпсіз» деген мазмұнда пікірлер жазылғанын айтты. Оның сөзінше, мұндай өзгеріске адамның басынан өткерген қайғы-қасіреті де әсер етеді.

«Үміт еткен балаң 10 жасында бақилық болса, артынан асқар тау әкең о дүниелік болса, қартаясың. Көз ілеспес шапшаңдықпен қартаяды екенсің. Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес, түсінгенім!» – деп жазды Ердос Қанаев.

Әншінің бұл жазбасы көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, адамды уақыттың емес, өмірдегі ауыр оқиғалардың да өзгертетінін жазды.

Ердос Қанаевтың Әбдірахим, Диасыл және Асылым есімді балалары бар. Үлкен ұлы Әбдірахим 2020 жылы тоғыз жасында дүниеден өткен.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор