1217

Елена Рыбакина WTA Finals-2026 турниріне алғашқылардың бірі болып жолдама алды

Елена Рыбакина маусым қорытындысы турниріне қатарынан төртінші рет қатысады.

Елена Рыбакина WTA Finals-2026 турниріне алғашқылардың бірі болып жолдама алды
ktf.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA Finals-2026 маусым қорытындысы турниріне қатысу құқығын бірінші болып қамтамасыз етті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі жазды.

WTA Finals-2026 турнирі 8-15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласындағы Indian Wells Tennis Garden корттарында өтеді. Маусымның басты додасында жекелей сында әлемнің үздік сегіз теннисшісі, сондай-ақ жұптық бәсекедегі ең мықты сегіз дуэт өнер көрсетеді.

Рыбакина биылғы нәтижелері арқылы турнирге жолдаманы мерзімінен бұрын рәсімдеді. Қазақстандық спортшы 2026 жылы Australian Open және US Open жарыстарында чемпион атанып, мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің көшін бастады.

Алдағы WTA Finals Рыбакина үшін қатарынан төртінші маусым қорытындысы турнирі болмақ. Ол бұл додаға алғаш рет 2023 жылы қатысқан. Өткен жылы қазақстандық теннисші турнирдің бас жүлдесін еш жеңіліссіз жеңіп алған еді.

Енді Рыбакина Индиан-Уэллсте чемпиондық атағын қорғауға шығады. Егер ол биыл да турнирде жеңіске жетсе, WTA Finals додасын қатарынан екі рет ұтқан Серена Уильямстан кейінгі алғашқы теннисші атанады.

Материал авторы