947

Жангелдиндегі трагедия: Ақбаян Мұқанғалиева жақындарының қаза тапқанын әлі білмейді

Ақбаян балаларымен қайта кездесіп, олармен бірге уақыт өткізе бастаған, бұл оның эмоционалдық жағдайына оң әсер етіп жатыр.

Жангелдиндегі трагедия: Ақбаян Мұқанғалиева жақындарының қаза тапқанын әлі білмейді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шығарылып, қазір туысының үйінде тұрып жатыр. Ол балаларымен қайта кездесіп, олармен уақыт өткізе бастаған. Алайда жақындарының қаза тапқаны туралы ауыр шындықты әлі білмейді.

Ақбаянның туыстары оның жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Қазір ол қалпына келу кезеңінен өтіп, оңалту орталығына барып жүр. Жақындарымен бірге болуы мен балаларымен кездесуі оның эмоционалдық жағдайына оң әсер етіп жатқанын туыстары айтқан.

Сонымен бірге отбасы мүшелері оған жақындарының қаза болғаны туралы хабарды әзірге жеткізбей отыр. Туыстары ауыр жаңалықты бірден айту Ақбаянның психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін деп алаңдайды.

Сондықтан олар оның бұл ақпаратты қабылдауға дайын болатын уақытын күтуді жөн көрген. Қайғылы хабарды қашан және қалай жеткізу керектігі де жақындарының басты мәселесіне айналып отыр.

Еске салайық, Сұлтан Сәрсемәлиев Ақбаян Мұқанғалиеваның туыстарын өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Материал авторы