Танымал блогерлерге хиджаб киюге ақша ұсынылып жатыр – Динара Сәтжан

19.05.2023, 20:36
1108
Танымал блогерлерге хиджаб киюге ақша ұсынылып жатыр – Динара Сәтжан Halyq Uni

Белгілі журналист, блогер Динара Сәтжан танымал блогерлерге хиджаб киюге ақша ұсынылып жатқанын айтты.

Белгілі журналист, блогер Динара Сәтжан әлеуметтік желіде осы мәселеге қатысты бір-екі пост жазды, деп хабарлайды smartnews.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Бізде бір флешмоб болып жатқан сияқты. Енді әншілерден кейін Instagram-дағы қыз-келіншектер, әйелдер хиджаб кие бастаған екен. Мен олардың дастарханынан шелпекті көрсем, түсінер едім. Бірақ, қараңызшы... Монако, Дубай, Ибица деген бар ғой енді..., –  деді ол қазақ әйелдерінің ақшаға хиджаб кие бастағанына күмән келтірген бірінші жазбасында.

Одан кейін өзінің бекер күмәнданбағанын, қазақтың тарам-тарам ұрпақ арқылы, ғасырдан-ғасырға ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі Ислам дінін жақтайтынын айтып, өзінің апа-сіңлілерінің, жалпы қазақ қыздарының хиджаб киюлеріне үзілді-кесілді қарсы екенін ескертті.

Жұма сайын шелпек пісірейік, бейіт басында құран оқиық. Баланы қырқынан шығарайық, тұсау кесерін жасайық. Мұның бәрі – біздің салт-дәстүріміз, мәдениетіміз ғой. Біздің өзіміздің төл тарихымыз бар. Тарихымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жатыр. Егер хиджаб кисек, ондаған жылдан кейін, тіпті бірнеше жылдан кейін не боламыз?! Бізге осы керек пе?! Мен неге осы әңгімені қозғап жатыр деп ойлайсыздар? Өйткені, менің естуімше, қазақтың қыздарына хиджаб киіп жүру үшін ақша ұсынылып жатыр екен, – деді ол.

Айтуынша, ұсынылып жатқан сома қомақты көрінеді. Сондықтан әріптесіміз қазір жұрттың ақша үшін бәріне баратынына алаңдап отыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды