Астанада ер адам әйелін пышақтап, кейін өзі де қаза тапты
55 жастағы ер адам әйеліне пышақ жарақатын салғаннан кейін өзі де жарақат алып, екеуі оқиға орнында көз жұмған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада ерлі-зайыптының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жанжал кезінде әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін өзі де жарақат алған. Екеуі де оқиға орнында көз жұмған. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті жазды.
Полицияның хабарлауынша, қайғылы жағдай ерлі-зайыпты арасындағы жанжалдан кейін болған. 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған. Кейін өзі де пышақ жарақатын алған.
Алған жарақаттарының салдарынан ерлі-зайыптының екеуі де оқиға орнында қаза тапқан.
Қазір полиция болған жағдайдың барлық себебі мен мән-жайын анықтап жатыр. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу жүргізілуде.
Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге деректері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Материал авторы