Петропавлда үй жануарлары уақытша паналайтын баспана салынады

20.05.2023, 09:28
818
Петропавлда үй жануарлары уақытша паналайтын баспана салынады СҚО ветеринария басқармасы

Солтүстік Қазақстан облысында жануарларға жауапкершілікпен қарау заңын жүзеге асыру аясында биыл қаңғырған ит-мысықты аулауға, уақытша ұстауға, вакцина егуге және стерилизациялауға 53,4 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, халықтың әлеуметтік осал топтары үй жануарларын бюджет есебінен тегін сәйкестендіру рәсімінен өткізе алады.

Өңірде 10 сәуірден бастап иесіз жануарларды стерилизациялау жұмыстары басталды.

Бүгінгі күні 43 ит, 3 мысық ауланып, чип салынды және стерилизацияланды. Олардың басым бөлігі жүрген жеріне, яғни көшеге қайтарылды.

photo

Үй жануарларын есепке алатын «TANBA» ақпараттық сервисіне 704 үй жануары есепке қойылды, оның ішінде иесіз ит-мысық та бар.

Сондай-ақ биыл Петропавл қаласының әкімдігі уақытша ұстау пунктін салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 13 млн теңге қаражат бөлді.

Қазіргі уақытта облыста 3 жекеменшік панажай жұмыс істейді, оның екеуі Петропавлда орналасқан.

«Белый Бим» 400 итке, «Исаков Андрей» жекеменшік қайырымдылық қорының нысаны 300 мысық пен 500 итке, Қызылжар ауданы Вишневка ауылындағы «Шанс на жизнь» панажайы 500 итке арналған.

Оның бәрі бүгінде толық.

Ал жыл басынан бері облыста үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін 401 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды