Шымкентте суицид жасаған зейнеткерге қатысты тың деректер белгілі болды

20.05.2023, 11:05
658
Шымкентте суицид жасаған зейнеткерге қатысты тың деректер белгілі болды smartnews.kz

Шымкентте суицид жасаған зейнеткерге қатысты тың деректер белгілі болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте 72 жастағы қария аурухананың үшінші қабатынан секіріп, көз жұмған. Қайғылы оқиға 18 мамыр күні түнгі сағат 23:15 шамасында болған. Егде жастағы ер адам 7 мамыр күні №2 қалалық ауруханаға «кеңірдегін кесу» арқылы суицид жасау дерегімен түскен екен. Дегенмен, онда хирургтардың болмауына байланысты №1 ауруханаға ауыстырылған.

Науқастың жағдайына байланысты көмейін тігу үшін жедел ота жасалып, 10 мамырға дейін жансақтау бөлімінде жатқан. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі болған соң, оған психологиялық көмек көрсетіліп, туыстары шақырылған.

Алайда, 18 мамыр күні туыстары белігісіз себептермен ауруханадан кетіп қалған. Дәрігерлер марқұмның суицид жасауына «өзін жалғыз қалдым деп сезінуі» ықпал етуі мүмкін деген пікір айтып отыр. Ал 72 жастағы қария басынан алған ауыр жарақаттардан оқиға орнында көз жұмған.

«Бас миының шайқалуы, бас миы сүйегінің сынуы секілді ауыр жарақаттар болған. Негізі туысқандары қасында отырғандықтан, қаншама күн мұндай жағдай болмаған, енді туысқандары кетіп қалғаннан кейін «мені тастап кетті» деп ойлап, осындай қадамға барды деп пайымдап отырмыз. Өйткені біздің №1 қалалық аурухананың хирургиялық бөлімінде өте жоғары деңгейде көмейі тігіліп, бірінші хирургиялық өңдеу жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылып, бірінші жоғары медициналық қызмет көрсеткенбіз», - дейді №1 қалалық клиникалық аурухананың әдістемелік бөлім басшысы Қуаныш Лекеров.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады