800

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатынан зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

1 айдан кейін ер адам үйіне жіберілді.

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатынан зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты
instagram.com/bakytzhan.bazarbek

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатынан зардап шеккен 36 жастағы Нұржігіт Қошанов ауруханадан шықты. Ол медициналық мекемеде 31 күн ем қабылдаған.

Зардап шеккен азаматтың ауруханадан шыққаны туралы Бақытжан Базарбек Instagram парақшасында хабарлады. Ол Қошановтың жол апатынан кейін бір айдан астам уақыт дәрігерлердің бақылауында болғанын атап өтті.

Жол апаты 15 тамызда Жамбыл облысында болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жолда көлік сиырмен соқтығысқаннан кейін бірнеше ер адам жануарды жолдан алып кетуге әрекет жасаған. Солардың бірі жол үстінде келе жатқан Rav-4 көлігінің астына түскен. Көлікті Бақытжан Базарбек басқарғаны айтылған.

Оқиғадан кейін Нұржігіт Қошанов ауруханаға жеткізілген. Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін Бақытжан Базарбек жол апатына қатысқанын растап, оқиғаға қатысты асығыс қорытынды жасамауға шақырған.

Алғашқы кезде зардап шеккен азаматтың жағдайы өте ауыр болған. Денсаулық сақтау басқармасы оның политравма мен травмалық шок салдарынан жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған.

Кейін Қошанов Құлан ауылындағы ауруханадан Тараздағы қалалық ауруханаға ауыстырылды. Ол жол апатынан кейін 24 күн өткен соң комадан шыққан.

Бақытжан Базарбек бұған дейін Нұржігіт Қошановпен және дәрігерлермен бірге түскен суретін де жариялаған. Оның айтуынша, зардап шеккен азаматтың аяғы сынғандықтан, алда оңалту кезеңі бар.

Материал авторы