Beeline клиенттеріне 3 ГБ интернет пен 30 минуттық қоңырау пакетін береді
Сыйлықты пайдалану үшін клиент SMS арқылы келген хабарламадағы арнайы команданы теруі қажет.
Beeline Қазақстан ішкі жүйелерді жоспарлы түрде жаңарту барысында туындауы мүмкін уақытша қолайсыздықтар үшін клиенттеріне арнайы сыйлық ұсынды. Бұл туралы компанияның хабарламасында айтылды.
16 қыркүйекте Beeline жүйелерінде жоспарлы жаңарту жұмыстары жүргізілген. Компанияның мәліметінше, мұндай техникалық жұмыстар байланыс желісінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет.
Жаңарту кезінде негізгі байланыс қызметтерінің қолжетімді болуына басымдық берілгенімен, кейбір сервистерде уақытша шектеулер болуы мүмкін болған. Техникалық мамандар жүйелердің жұмысын тәулік бойы бақылап, туындаған мәселелерді жедел шешуге тырысқан.
Компания жекелеген клиенттердің қиындыққа тап болуы мүмкін екенін ескеріп, келіп түскен өтініштерді бақылауда ұстаған. Мамандар әр жағдайды жеке қарап, клиенттермен байланысып, туындаған мәселелерді шешуге көмектескен.
Beeline клиенттеріне түсіністік танытып, сабыр сақтағаны және кері байланыс бергені үшін алғыс білдірді.
Алғыс ретінде компания бірқатар клиентке 3 ГБ мобильді интернет және Қазақстандағы басқа мобильді операторлардың нөмірлеріне қоңырау шалуға 30 минут көлемінде байланыс пакетін ұсынады. Сыйлықты 7 күн ішінде пайдалануға болады.
Пакетті белсендіру үшін клиентке SMS арқылы келген хабарламада көрсетілген арнайы команданы теру қажет.
Компания байланыс қызметтерін клиенттер үшін барынша тұрақты әрі сенімді ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.
Материал авторы