Шымкентте ер адам әйелін балаларының көзінше ұрды деген күдікке ілінді
Әйелінің атына 2 млн теңге несие рәсімдеп, әйелін ұрды деген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте ер адам әйеліне күш көрсеткен деген күдікке ілініп, полицияға жеткізілді. Жәбірленушінің туысы оның әйелін балаларының көзінше ұрғанын және кейін де қорқытып жүргенін мәлімдеген. Бұл туралы «Криминальный Казахстан» Telegram-арнасы жазды.
Жәбірленушінің туысының айтуынша, ер адам әйелінің атына 2 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген. Сондай-ақ ол әйеліне қауіп төндіріп, күш қолданатынын айтып қорқытқан.
Осыдан кейін жәбірленушінің жақындары Түркістан облысының полиция департаментінен жағдайды бақылауға алып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауды сұраған.
Полиция 25 жастағы ер адамды ұстағанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға 16 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласының аумағында болған. Жәбірленушінің арызы негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Қазір тергеу жалғасып жатыр. Істің барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Материал авторы