1797

Астанада BMW көлігі аударылып қалды: полиция жол апатына қатысты түсінік берді

Е-900 көшесінде болған жол апатынан ешкім зардап шекпеген, ал полиция жүргізушіге қатысты әкімшілік іс бастаған.

Астанада BMW көлігі аударылып қалды: полиция жол апатына қатысты түсінік берді
t.me/astanovka98

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада BMW көлігі жол апатына түсіп, аударылып қалды. Оқиға 18 қыркүйекте Е-900 көшесінде, GreenLine тұрғын үй кешені маңында болған.

Жол апатының видеосы мен фотосуреттері әлеуметтік желіде тараған. Кадрларда аударылып қалған BMW көлігін көруге болады.

Полицияның мәліметінше, жүргізуші жолда кедергі пайда болған кезде көлікті басқара алмай қалған. Автомобиль алдымен бордюрге шығып, кейін көше жарығының бағанасына соғылған. Соққыдан соң көлік аударылып кеткен.

Полиция апат салдарынан ешкім зардап шекпегенін хабарлады. Көлік коммуналдық тұраққа жеткізілді.

Оқиғаға байланысты жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалған. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады.

Материал авторы