657

Шығыс Қазақстанда биыл 35 дала өрті тіркелді

Шығыс Қазақстан облысында биыл 35 дала өрті тіркелді, деп хабарлайды smartnews.kz  сайты.

Шығыс Қазақстанда биыл 35 дала өрті тіркелді
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде өрт инспекторлары, орманшылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құрылған 46 мобильді топ бар.

Олар қызыл жалынның алдын алу үшін ормандарды аралап, мониторинг жүргізеді. Мобильді топтарда 300-ге жуық адам жұмыс істейді.

photo

Осы уақытқа дейін 130-дан астам рейд жүргізілген. Соның нәтижесінде, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Орманда шыққан от өте жылдам тарайды. Сондықтан онда бақылау барынша күшейтілген. Өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері облыс бойынша ормандарда 6 өрт болды. Тілсіз жаудың жалпы ауданы 60 гектарды құрады. Бұдан бөлек, жалпы ауданы 305 гектарға жеткен 35 дала өрті тіркелді», - делінген ақпаратта.