Доллар 450 теңгеге жақындады: айырбастау орындарындағы жаңа бағамдар
Қазақстан бойынша айырбастау орындарындағы валюта бағамы жарияланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 21 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу және сату бағамдары жарияланды.
Астанада айырбастау орындары бір АҚШ долларын орта есеппен 445 теңгеден сатып алып, 451,93 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы 508,03, сату бағасы 518 теңге болды. Ресей рублін 5 теңгеден өткізіп, 5,20 теңгеден сатып алуға болады.
Алматыда долларды айырбастау орындары орта есеппен 445,25 теңгеден сатып алады. Ал валютаны сатып алу бағасы 447,91 теңге деңгейінде. Еуро 509,97 теңгеден сатып алынып, 515,53 теңгеден сатылып жатыр. Рубльдің сатып алу бағасы 5 теңге болса, сату бағасы 5,13 теңгені құрайды.
Шымкентте долларды орта есеппен 446,97 теңгеден өткізуге болады. Ал америкалық валютаны айырбастау орнынан 449 теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар. Еуроның сатып алу бағасы 512,11 теңге, сату бағасы 516,05 теңге болып тұр. Ресей рублі 5,04 теңгеден сатып алынып, 5,11 теңгеден сатылуда.
Қазақстандағы ресми валюта бағамдары бойынша 1 АҚШ доллары 446,56 теңгеге, 1 еуро 512,34 теңгеге және 1 рубль 5,3 теңгеге бағаланды.
Материал авторы