867

Тоқаев Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау нәтижесі Ресейдің ұзақмерзімді даму бағытына халықтың қолдауын көрсеткенін айтты.

Тоқаев Путинге құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Ресейдегі тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі парламент сайлауын елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі ретінде атап өтті. Оның айтуынша, дауыс беру қорытындысы Ресейдің ұзақмерзімді мүддесін қорғауға бағытталған стратегиялық саясатқа халықтың қолдауын көрсетті.

Мемлекет басшысы жаңадан сайланған Мемлекеттік Дума депутаттары азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және Ресейдің әлемдік держава ретіндегі әлеуетін нығайтуға бағытталған тиімді шешімдер қабылдайтынына сенім білдірді.

«Сайланған Мемлекеттік Дума депутаттары азаматтардың әл-ауқатын көтеру және Ресейдің әлемдік держава ретіндегі әлеуетін нығайту мақсатында тиімді шаралар мен шешімдер қабылдайтынына күмән жоқ», – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ құттықтау хатында Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қарым-қатынастарды дамытудағы парламентаралық ықпалдастықтың маңызына ерекше назар аударылған.

Материал авторы