Қонаевта 22 жастағы жүргізуші кішкентай баланы қағып өлтірді (ВИДЕО)
Куәгерлер бұл көшеде жаяу жүргіншілерге арналған тротуар жоқ екенін айтқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының Қонаев қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Полицияның мәліметінше, жол апаты 20 қыркүйек күні сағат 18:40 шамасында Қонаевтың №10 шағынауданында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, 22 жастағы Hyundai көлігінің жүргізушісі жол бөлігінде жүрген баланы қағып кеткен.
Ауыр жарақат алған бала оқиға орнында көз жұмған.
Полиция қазір жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Осы мақсатта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға куәгерлері аталған көшелердің бірінде жаяу жүргіншілерге арналған тротуар жоқ екенін айтқан.
Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Материал авторы