4559

Рамзан Қадыров сайлауда 99,85% дауыс жинап, рекорд қойды

Сайлауда Қадыровпен бірге тағы екі кандидат бақ сынап, олардың әрқайсысы 0,05% дауыс алған.

Рамзан Қадыров сайлауда 99,85% дауыс жинап, рекорд қойды
Артем Геодакян/ ТАСС

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы қызметіне қайта сайланды. Ресми мәлімет бойынша, ол сайлауда 99,85% дауыс жинаған.

Барлық сайлау хаттамалары өңделгеннен кейін жарияланған қорытындыға сәйкес, Қадыровтың екі қарсыласы да 0,05% дауысқа ие болған.

Бұл Қадыровтың республика басшысы ретінде тікелей сайлауға үшінші рет қатысуы. 2021 жылғы сайлауда ол 99,7% дауыс жинаса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 97,94% болған.

Рамзан Қадыров Шешенстанды 2007 жылдан бері басқарып келеді. Алғашқы кезеңде ол республика парламенті арқылы Ресей президентінің ұсынысымен қызметке бекітілген.

2026 жылғы сайлау нәтижесі бойынша Қадыровтың республика басшысы ретіндегі өкілеттігі жалғасатын болды. 

Материал авторы