1026

Мақпал Жүнісова жас әншімен ән айтып, көпті таңғалдырды

Халық әртісі мен жас әншінің бір сахнада бірге ән айтып, билеген сәті әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

Мақпал Жүнісова жас әншімен ән айтып, көпті таңғалдырды
Instagram.com/zhunusova.makpal

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова мен 2Rar лақап атымен танылған әнші Тұрар Ыдырыс бір сахнада өнер көрсетіп, көрерменге күтпеген дуэт ұсынды. Әртүрлі буын өкілдерінің бірге ән айтып, би билеген сәті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Өнерпаздардың ортақ қойылымынан үзіндіні әнші Нұрлыбек Нағметов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол бұл дуэтті тыңдарман үшін күтпеген жоба деп бағалаған.

Кейін Тұрар Ыдырыс та Мақпал Жүнісовамен бірге түскен видеоны өз парақшасында бөлісіп, халық әртісіне деген ықыласын білдірді.

«Аңыз адам. Сізді жақсы көремін, Мақпал Жүнісова!» – деп жазды жас әнші.

Желі қолданушыларының назарын әсіресе Мақпал Жүнісованың сахнадағы ширақ қимылы мен ерекше энергиясы аударды. Көпшілік екі әншінің өнердегі үйлесіміне тәнті болып, жылы пікірлер қалдырған.

Оқырмандардың бірі бұл қойылымды күтпеген коллаборация деп атаса, енді бірі екі түрлі буынның тоғысуы екенін атап өткен. Кейбір желі қолданушылары дуэттің болашақта хитке айналуы мүмкін екенін жазған.

Материал авторы