Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысты: бес адам зардап шекті
Оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы әзірге анықталып жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетауда жүк көлігі жолаушылар автобусымен соқтығысып, бес адам жарақат алды. Бұл туралы chp_kokshetau парақшасы хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы Көкшетау қаласы мен Застанционный кентін жалғайтын «Шанхай көпірінде» болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, соқтығыс салдарынан бес адам түрлі деңгейде жарақат алған. Зардап шеккендердің бірнешеуі медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген.
Оқиғаның нақты себептері мен жол апатының барлық мән-жайы әзірге нақтыланып жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші