1391

Астанада екі әпкелі-сіңлілі мен олардың күйеулері жас қыздарды жезөкшелікке тартқан

Топ мүшелері қыздарды жоғары табыс, баспана және қауіпсіздік уәдесімен тартқаны тергеу барысында анықталған.

Астанада екі әпкелі-сіңлілі мен олардың күйеулері жас қыздарды жезөкшелікке тартқан
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада кәмелетке толмағандар тартылған заңсыз әрекеттерге қатысы бар деген 15 адамнан тұратын топтың қылмыстық ісі сотқа жіберілді.

Бас прокуратураның мәліметінше, тергеу нұсқасы бойынша топтың заңсыз қызметі 2023-2025 жылдар аралығында жалғасқан. Ұйымдастырушылар астанадағы тұрғын үй кешендерінен жалдамалы пәтерлер алып, оларды заңсыз қызмет үшін пайдаланған.

Тергеу барысында топ мүшелерінің арасында міндеттер бөлінгені анықталған. Бір бөлігі әкімшілік және күзет жұмыстарын атқарса, өзгелері әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жарнама жүргізген.

Прокуратураның мәліметінше, қыздарды түнгі клубтардан іздеп, оларға жоғары табыс, баспана, қауіпсіздік пен құпиялылық уәде етілген.

Сонымен қатар тергеу кейбір клиенттерге қатысты ақша талап ету фактілері болғанын алға тартады. Құқық қорғау органдарының нұсқасы бойынша, топ мүшелері ер адамдардың мас күйін пайдаланып, күш көрсетіп, ақша талап еткен және оларды жалдамалы пәтерлерде ұстап отырған.

Бас прокуратура қылмыстық іс бойынша 15 адамның ұсталғанын хабарлады. Олардың бір бөлігі қамауда отыр, қалғандарына үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Астана прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жолдады. Айыпталушылардың әрекетіне түпкілікті құқықтық бағаны сот береді. 

Материал авторы