Динара Сәтжан 44 жасын жақындарымен бірге үйінде атап өтті
Тележүргізуші туған күнін отбасы, жақын достары және жұбайымен бірге үйінде атап өткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тележүргізуші Динара Сәтжан 44 жасқа толуына орай туған күнін жақындары мен достарының ортасында атап өтті. Мерекелік кеш өз үйінде ұйымдастырылып, оған туыстары, жақын достары және жұбайы қатысты.
Туған күнге келген қонақтар мерекеге құр қол бармай, гүлдер мен брендтік сыйлықтар тарту еткен. Өз кезегінде Динара Сәтжан қонақтарына арнайы дастархан жайып, концерттік бағдарлама ұйымдастырған.
Кеш барысында қонақтар ән айтып, би билеп, еркін көңіл көтерген. Мерекелік отырыс кейін қазақы нақыштағы киіз үйде жалғасып, қонақтар мол дастархан басында бас қосқан.
Тележүргізуші туған күніне қара түсті, ақ бұршақ өрнекті қынама көйлек киіп келген. Мерекеге арнайы брендтік сөмке пішінінде ерекше торт та дайындалған.
Динара Сәтжанның әлеуметтік желідегі жазбасына желі қолданушылары жылы пікірлер қалдырып, туған күнімен құттықтаған.
«Бірегей жанды туған күнімен құттықтаймыз! Өміріңіз өзіңіздей қайталанбас, жарқын әрі ерекше сәттерге толы болсын», «Біздің жұлдызымыз», «Не қалайтынын білетін әрі өз өмірін өзі құра алатын әйелге тәнтімін» деген пікірлер жазылған.
Айта кетейік, Динара Сәтжан туған күнінде өзі үшін жастық шақтың мәні қандай екенін де айтып берген.
Материал авторы