1197

Джеки Чан Жәкежанға айналды: Kaspi.kz жаңа жарнамасын таныстырды

Жаңа жарнамалық науқанда Джеки Чан Қазақстанда өмір сүрсе, оның есімі Жәкежан болар еді деген әзілге құрылған оқиға ұсынылды.

Джеки Чан Жәкежанға айналды: Kaspi.kz жаңа жарнамасын таныстырды
Kaspi.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Джеки Чан Kaspi.kz-тің жаңа жарнамалық науқанының басты кейіпкеріне айналды. Компания актер Қазақстанда өмір сүрсе, оны Жәкежан деп атауға болар еді деген идеяны негізге алған. Жарнама желісінде ол қазақстандықтардың күнделікті өміріне еніп, Kaspi.kz-тің үйреншікті сервистерін пайдаланатын кейіпкер ретінде көрінеді.

Алайда Джеки Чан ойнайтын Жәкежан үшін қарапайым күннің өзі шытырман оқиғаға айналады. Жаңа науқанның алғашқы жарнамалық ролигі 22 қыркүйекте жарыққа шықты.

Компанияның мәліметінше, жоба идеясы Джеки Чанның Kaspi.kz-пен танысуынан кейін пайда болған. Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушы Михаил Ломтадзе актерге компанияның сүйікті клиенттерінің біріне айналуды ұсынып, оған аты жазылған Kaspi Gold картасын табыстаған.

Джеки Чан қазір Қазақстанда түсіріліп жатқан «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің жұмысына да қатысып жатыр. Фильмнің бас серіктесі — Kaspi.kz.

«Джекидің біздің сүйікті клиенттеріміздің біріне айналғанына, енді жаңа жарнамалық науқанымыздың кейіпкері болғанына өте қуаныштымыз. Бұл оқиға клиенттерімізге жақсы көңіл күй сыйлайды деп үміттенеміз», — деді Михаил Ломтадзе.

Компания өкілдері Жәкежанның Қазақстандағы келесі күнінде қандай оқиғаларға тап болатынын әзірге жариялаған жоқ.

Kaspi.kz мәліметінше, оның сервистерін Қазақстан мен Түркияда 26 миллионнан астам клиент және шамамен 1 миллион серіктес пайдаланады. Қазақстандағы Kaspi.kz суперқосымшасы төлемдер, электронды сауда, онлайн-супермаркет, финтех, саяхат, хабарландырулар, мемлекеттік қызметтер және күнделікті қажетті басқа да сервистерді біріктіреді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор