1487

TikTok эфирінде мысыққа дөрекі әрекет жасаған қазақстандық ұсталды

Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны TikTok-та таратылған видеодан кейін полиция бөліміне жеткізілді.

TikTok эфирінде мысыққа дөрекі әрекет жасаған қазақстандық ұсталды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде мысыққа қатыгездік көрсеткен ер адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның қолындағы мысыққа дөрекі әрекет жасағаны көрінеді. Оқиға кезінде оның жанында кәмелетке толмаған қызы болған.

Желіде тараған видеодан кейін полиция тексеру жүргізіп, ер адамның жеке басын анықтады. Ол Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны болып шыққан. Ер адам полиция бөліміне жеткізіліп, оған әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар полиция оған мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ресми ескерту жасаған. Құқық қорғау органдары жануарға қайтадан қатыгездік көрсетілген жағдайда, оның қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін түсіндірді.

Полицияның мәліметінше, мысық аман қалған және оқиғадан кейін оның денсаулығына зиян келмеген.

Құқық қорғау органдары жануарларға қатыгездік көрсетуге және олардың денсаулығына зиян келтіруге заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор