835

Шымкентте 8 жастағы қызға қатысты іс қайта қаралып, ер адам 7,5 жылға сотталды

Бұған дейін сотталушыға 147 мың теңге көлемінде айыппұл салынған еді, алайда бұл шешім қайта қаралды.

Шымкентте 8 жастағы қызға қатысты іс қайта қаралып, ер адам 7,5 жылға сотталды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте 8 жастағы қызға қатысты қылмыстық іс апелляциялық шағымнан кейін қайта қаралып, 56 жастағы ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін осы іс бойынша оған 147 мың теңге айыппұл салынған еді. Бұл туралы Halyqstan жазды.

Оқиға 28 сәуір күні таңертең тұрғын үйдің кіреберісінде болған. Қыз бала подъезде көршісімен кездесіп, онымен бірге лифтке кірген. Іс материалдарына сәйкес, ер адам баланы белгілі бір қабатқа шығуға мәжбүрлеп, өз пәтеріне ертіп кетуге әрекет жасаған. Оқиға тұрғын үйдегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қыз баланың көмегімен қашып шығып, үйдің жоғарғы қабаттарына көтерілгені және сол жерде көршілерінен көмек сұрағаны хабарланды. Кейін анасы полицияға арызданған.

Сот процесі кезінде жәбірленуші тарап тергеу барысында ер адамның әрекетіне берілген құқықтық саралау өзгертілгенін білген. Прокуратура бұл өзгеріске қарсылық білдірмеген. Сотта ер адам кінәсін мойындап, өкінетінін айтып, кешірім сұраған.

Бірінші инстанция соты оған айыппұл түріндегі жаза тағайындаған. Екінші топтағы мүгедектігіне байланысты жеңілдік ескеріліп, айыппұл көлемі 147 мың теңге болған.

Жәбірленуші тарап бұл шешіммен келіспей, адвокат Гүлайхан Тұрсуманова және оның әріптестері арқылы апелляциялық шағым түсірген.

Апелляциялық сот алғашқы үкімнің күшін жойып, істі досудық тергеуге қайта жіберген.

Кейін іс бойынша жаңа сот үкімі шықты. 56 жастағы Шымкент тұрғыны 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор